Әңгіме барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Владимир Путинді туған күнімен шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат пен достас Ресей халқының игілігі жолындағы қызметіне табыс тіледі, деп хабарлайды elbasy.kz.
Елбасы Ресей Президентінің екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайтуға қосқан зор үлесін ерекше атап өтті.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин өңірдегі қазіргі ахуалдың даму барысын талқылап, жаһандық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасты.
Соңында тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың үлгі боларлықтай жоғары деңгейін және қарым-қатынастарды екі елдің мүддесіне сай одан әрі дамытудың келешегі зор екенін атап өтті.