banner

Елбасы Рафаэль Надаль мен Новак Джоковичпен кездесті

843

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев танымал теннисшілерді қабылдаған болатын.  

Елбасы Рафаэль Надаль мен Новак Джоковичпен кездесті

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев танымал теннисшілер Рафаэль Надальмен және Новак Джоковичпен кездесті, деп хабарлайды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

"Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан астанасында өтетін қайырымдылық матч алдында әлемдік теннис аңызына айналған Рафаэль Надальмен және Новак Джоковичпен кездесті. Тұңғыш Президент оларға табысты әрі әдемі ойын тіледі", –  деп Айдос Үкібай twitter желісінде жазды.

Спортшылар Тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевқа автограф қойылған жейде сыйлады. Өз кезегінде Елбасы спортшылар ойынын тамашалайтынын жеткізді.

Еске сала кетсек, бүгін елордадағы "Барыс арена" стадионында әлемнің бірінші және екінші ракеткалары, сербиялық Новак Джокович пен испаниялық Рафаэль Надаль қайырымдылық матч өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу