Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рам Натх Ковиндке Үндістан Республикасының президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан жаңадан сайланған Үндістан Республикасының президентін құттықтады.
"Біз халықтарымыздың өсіп-өркендеуі жолында достық қарым-қатынасымыз бен тығыз ынтымақтастығымызды нығайту үшін бар күш-жігерімізді жұмылдыратынымызға сенімдімін.
Сізге зор денсаулық, жауапты қызметіңізге табыс, ал достас Үндістан халқына бейбітшілік пен бақ-береке тілеймін", – делінген жеделхатта.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу