Елбасы Ресей Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

655

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Татарстан астанасындағы мектепке қарулы шабуыл жасалып, адамдардың қаза табуына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы inbusiness.kz Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Елбасы Ресей Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

"Қазан қаласының №175 мектебінде болған трагедия салдарынан балалар мен ересек адамдардың опат болғаны туралы қайғылы хабарды күйзеліспен қабылдадым.

Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін", – делінген жеделхатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу