Елбасы Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

1059

Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды inbusiness.kz Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.  

Елбасы Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

Әңгіме барысында Елбасы Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтап, зор денсаулық пен бауырлас Түркия халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Түркия Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жылы лебіздері үшін ризашылығын білдіріп, оның Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) Құрметті төрағасы ретіндегі маңызды рөлін ерекше атап өтті.

Соңында тараптар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік қатынастардың даму қарқынына жоғары баға берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу