Елбасы РФ премьер-министрі Дмитрий Медведевпен кездесті

815

Елбасы РФ премьер-министрі Дмитрий Медведевпен кездесті

Бүгін Ақордада елбасы Ресей үкімет басшысымен кездесті, деп хабарлайды 24.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі экономикалық ахуал кезінде мұндай жүзедесулердің маңыздылығын атап өтті. Ал Дмитрий Медведев Нұрсұлтан Назарбаевқа Еуразиялық экономикалық одақ аясында өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік жасағаны үшін алғыс айтты. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі дами түсетіндігіне ниет білдірді. EXPO-2017 шарасын өткізіп отырған достас қазақ елінің жетістігіне қуанышты екенін жеткізді.

"Бүгін Еуразиялық үкіметаралық кеңес аясында ағымдағы экономикалық жағдайларды талқылап жатырмыз. Бізге қолайлы жағдай жасағаныңыз үшін сізге алғыс білдіремін. Әрі біздің елдер арасындағы екі жақты қарым-қатынас соңғы жылдардағыдай қарқынды дамитындығына сенім білдіремін", - деді РФ премьер-министр Дмитрий Медведев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу