Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президентіне "Самұрық-Қазына" қорының өндірістік және қаржылық көрсеткіштері туралы баяндалды.
А.Сәтқалиевтің мәліметі бойынша биылғы 7 айда уран саудасында, электр энергиясын өндіруде, сондай-ақ контейнерлік тасымалдауда көрсеткіштердің оң қарқыны байқалуда.
Елбасыға Қор тобындағы кәсіпорындардағы вакцинациялау процесі мен санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шаралары туралы мәлімет берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің Төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.