Ол ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысады. Бұл туралы Қазақстан Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттерде жазды.
"Елбасы Ресей Федерациясы Президентінің шақыртуымен Санкт-Петербург қаласына ТМД-ға мүше елдер көшбасшылары арасындағы бейресми кездесуге қатысу үшін келді", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен баратындығы туралы хабарлаған болатынбыз.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу