Елбасы Саули Ниинистёні президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады

687

Елбасы Саули Ниинистёні президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Саули Ниинистёге Финляндия Республикасының президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Саули Ниинистёні президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, жоғары мемлекеттік лауазымдық қызметіне табыс тіледі.

"Бұл жеңіс Финляндия халқының Сізді мемлекеттің жарқын болашағы үшін қызмет ететін шынайы патриот және өз елінің бірлігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз ететін дана да тәжірибелі саяси көшбасшысы ретінде мойындауының айқын дәлелі.

Қазақстан мен Финляндия арасындағы саяси байланыстарды дамытып, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету мақсатымен тығыз әрі нәтижелі іс-қимыл жасап келе жатқанымызға қуаныштымын", – делінген жеделхатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу