Елбасы Шавкат Мирзиёевпен кездесті

909

Ш.Мирзиёев Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында өтіп жатқан іс-шаралардың орындалу барысына тоқталды.  

Елбасы Шавкат Мирзиёевпен кездесті

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевтің басшылығымен қол жеткізілген Өзбекстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелеріне тоқталды, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

"Қазақстан мен Өзбекстан өте жақын және маңызды серіктес. Өзара тауар айналымы 2,5 миллиард долларға жетті. Бұған дейін мұндай көрсеткіштер болған емес. Бұл жақсы перспективаларға жол ашып отыр", – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Өз кезегінде Шавкат Мирзиёев екі елдің табысты ынтымақтастығына көбіне Қазақстанның Тұңғыш Президентінің салиқалы саясатының арқасында қол жеткізілгенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу