Елбасы шенеуніктерге отандық костюм-шалбар киюді тапсырды

1438

Үкіметтің кеңейтілген отырысында үкімет мүшелері Нұрсұлтан Назарбаевтан көп сын естіді.

Елбасы шенеуніктерге отандық костюм-шалбар киюді тапсырды

Үкіметтің бүгінгі кеңейтілген отырысында елбасы әр саладағы жұмыстардың нәтижесіне тоқталды. Осы отырыста үкімет мүшелері Нұрсұлтан Назарбаевтан көп сын естіді, деп хабарлайды abctv.kz. 

"Сендер үкімет те, министр де емессіңдер, сендер – қорқақсыңдар!" – деді премьер Бақытжан Сағынтаев пен ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтің бірлескен жұмысына көңілі толмаған президент.

"Нақты жұмыс жоқ, тек сөзге қойғанда, алдасыздар. Премьер-министр жеке өзі барлық айтылғанның байыбына баруы, мәселелерді шешуі керек. Аттан түспеу қажет. Мен "отставкаға кетіңдер" деп жай айттым. Кетудің керегі жоқ, қайта жұмыс жасаңдар, нәтижесін баяндаңдар. Әрбір министр өз лауазымдарына мұқият іріктеуден кейін тағайындалған. Әрқайсыңызды білемін, кімнің қандай әлеуеті, білімі барлығын білемін. Қазіргі үкімет кез келген міндетті орындауға қабілетті деп санаймын. Тек күн-түн демей, жұмыс туралы ойлауы керек", – деп түйді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жиында елбасы отандық жеңіл өнеркәсіпті қолдау үшін барлық министрлер мен әкімдерге Қазақстанда тігілген костюм-шалбар киіп жүру туралы тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу