Елбасы: Сирия дағдарысын реттеу бейбіт түрде жүзеге асуы керек

491

Елбасы: Сирия дағдарысын реттеу бейбіт түрде жүзеге асуы керек

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында қос мемлекет басшысы жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жайлы, соның ішінде Астанада өткен Сирия мәселесі бойынша халықаралық кездесудің қорытындылары жайлы пікір алмасты. Владимир Путин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты Астанада сирияаралық келіссөзді жоғары деңгейде ұйымдастырып, қажетті жағдайдың барлығын жасағаны үшін алғыс айтты. Өз кезегінде Елбасы Сирия дағдарысын реттеу бейбіт түрде жүзеге асуы керектігін және бұдан кейін де бұл процеске жан-жақты көмек көрсетуге дайын екендігін айтты. Қазақстан мен Ресей президенттері сондай-ақ алдағы кездесудің кестесін де талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу