Елбасы стипендиясы иегерлерінің есімі белгілі болды

1220

Стипендия әдебиет және өнер қайраткерлеріне берілді.  

Елбасы стипендиясы иегерлерінің есімі белгілі болды

2019 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегерлері белгілі болдығ деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

2019 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілген адамдардың дербес құрамы:

Әдебиет қайраткерлері

Айтхожа Марфуға – 1936 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Парасат" орденінің иегері

Ахметова Күләш – 1946 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері

Әбдікұлы Төлен – 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Әшімов Әкім (Әкім Тарази) – 1933 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Әшіров Ахмет – 1938 жылы туған, жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері.

Бақтыгереева Ақұштап – 1944 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері.

Бимағамбет Әнуарбек – 1980 жылы туған, ақын

Бөдешұлы Жәркен – 1944 жылы туған, ақын, "Құрмет" орденінің иегері

Гарькавец Александр – 1947 жылы туған, түркітанушы-ғалым, қоғам қайраткері

Досанов Сәбит – 1940 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Парасат" және "Барыс" ордендерінің иегері

Елеукенов Шериаздан – 1929 жылы туған, сыншы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Парасат" орденінің иегері

Елубаев Смағұл – 1947 жылы туған, жазушы, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері

Ерманов Жүрсін – 1951 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Жайлыбай Ғалым – 1958 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері

Жолдасбеков Мырзатай – 1937 жылы туған, мемлекет және қоғам қайраткері, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері

Жұмаділ Қабдеш – 1936 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Парасат" орденінің иегері

Қасымов Олжас – 1989 жылы туған, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері

Қыдырханұлы Уахап – 1932 жылы туған, жазушы, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері

Мырзахметұлы Мекемтас – 1930 жылы туған, әдебиеттанушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Нұрпейісов Әбдіжәміл – 1924 жылы туған, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Омаров Қанат – 1971 жылы туған, ақын

Оразалин Нұрлан – 1947 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері

Оразбаев Иранбек – 1947 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің иегері

Оспан Сейфолла – 1938 жылы туған, ақын, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері

Рәш Мыңбай – 1930 жылы туған, ақын, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, "Құрмет" орденінің иегері

Салғараұлы Қойшығара – 1939 жылы туған, жазушы, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Сарай Әнес – 1937 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Сүлейменов Олжас – 1936 жылы туған, ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты

Тұрғынбекұлы Серік – 1946 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің иегері

 

Өнер қайраткерлері

Адамжан Бақтияр – 1992 жылы туған, балет солисі, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты

Айтуаров Ерлан – 1950 жылы туған, суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Ахметова Шайза – 1948 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Аюханов Болат – 1938 жылы туған, хореограф-балетмейстер, Қазақ ССР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Әбелдинов Адай – 1987 жылы туған, режиссер-аниматор, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері

Әшімов Асанәлі – 1937 жылы туған, КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Әшірбекова Роза – 1938 жылы туған, Қазақ ССР-інің халық әртісі

Байбосынов Қайрат – 1950 жылы туған, дәстүрлі әнші, Қазақ ССР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Байсейітова Раушан – 1947 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Бердіғалиев Хатимолла – 1952 жыл туған, әнші-термеші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің иегері

Дүйсекеев Кеңес – 1946 жылы туған, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері

Есжанов Біржан – 1990 жылы туған, дәстүрлі әнші

Еслямова Самал – 1984 жылы туған, актриса, 71-ші Канн кинофестивалінде "Ең үздік әйел рөлі" номинациясының жеңімпазы

Жаманбаев Базарғали – 1942 жылы туған, дирижер, Қазақ ССР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Зұлхаш Чапай – 1938 жылы туған, актер, режиссер, "Құрмет" орденінің иегері Имаханов Бекен - 1936 жылы туған, актер, Қазақ ССР-інің халық әртісі

Имашева Баян – 1941 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі

Клушкин Юрий – 1937 жылы туған, музыкант, Қазақ ССР-інің халық әртісі, "Парасат" орденінің иегері

Күзембай Сара – 1937 жылы туған, музыкатанушы ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қалиламбекова Қорлан – 1944 жылы туған, Қазақ ССР-інің халық артисі, "Құрмет" орденінің иегері

Қастеева Зарема – 1947 жылы туған, балерина, Қазақ ССР-інің халық әртісі

Қосыбаева Тамара – 1928 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі

Мақашева Жанар – 1984 жылы туған, актриса

Манапов Медығат – 1984 жылы туған, дәстүрлі әнші

Мәлібекұлы Жандарбек – 1942 жылы туған, сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы

Мұсақожаева Райса – 1954 жылы туған, скрипкашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Мышбаева Нүкетай – 1936 жылы туған, Қазақ ССР-інің халық әртісі, "Парасат" орденінің иегері

Нарбеков Мұрат – 1988 жылы туған, виоленчельші

Нүсіпжанов Нұрғали – 1937 жылы туған, әнші, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Парасат" орденінің иегері

Обаев Есмұқан – 1941 жылы туған, Қазақ ССР-інің халық әртісі, "Парасат" орденінің иегері

Оразбаев Сәбит – 1936 жылы туған, Қазақ ССР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Өтекешова Меруерт – 1951 жылы туған, кино және театр актрисасы, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген артисі, "Құрмет" орденінің иегері

Померанцев Юрий – 1923 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Разиева Гульвер – 1936 жылы туған, Қазақ ССР-інің халық әртісі, "Парасат" орденінің иегері

Рахипова Айнұр – 1984 жылы туған, актриса

Сатыбалдиев Жарас – 1991 жылы туған, күйші

Тасыбекова Торғын – 1938 жылы туған, Қазақ ССР-інің халық әртісі

Тәти Айгүл – 1963 жылы туған, хореограф, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Тәуекел Сламбек – 1948 жылы туған, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Терещенко Нина – 1945 жылы туған, суретші Төлегенова Бибігүл - 1929 жылы туған, КСРО-ның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Тыныштығұлова Сара – 1942 жылы туған, Қазақ ССР-інің халық әртісі, "Парасат" орденінің иегері

Уәлихан Шот-Аман – 1932 жылы туған, сәулетші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері

Хасанғалиев Ескендір – 1940 жылы туған, әнші-композитор, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Құрмет" орденінің иегері

Шәріпов Фархат – 1983 жылы туған, режиссер

Школьный Арий – 1926 жылы туған, кескіндемеші, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу