Елбасы: Сұлтан Сартаев отандық құқықтану саласына елеулі үлес қосты

1581

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық танымал заңгердің өмірден өткені туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.  

Елбасы: Сұлтан Сартаев отандық құқықтану саласына елеулі үлес қосты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев профессор С.Сартаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды elbasy.kz.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті ғалымның отбасы мен туған-туыстарына және әріптестеріне көңіл айтты.

"Сұлтан Сартайұлы отандық заң және құқықтану саласын дамытуға елеулі үлесін қосқан зерделі зерттеуші болатын. Ол мемлекет пен қоғам істеріне де белсене араласып, жауапты қызметтер атқарды. Үнемі азаматтық айқын ұстанымын танытып, қажырлы еңбегімен еліміздің өсіп-өркендеуіне атсалысып, көптің сый-құрметіне бөленді", – делінген жеделхатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу