Елбасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады

857

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановты қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.  

Елбасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады

ҚР Тұңғыш Президентінің ресми сайтында мәлім етілгендей, Н.Назарбаев тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша ауқымды іс атқарылғанын атап өтті.

"Біз тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жемқорлыққа қарсы күрес саласында жұмыс істеп келеміз. Дегенмен әлі де атқарылатын шаруа аз емес. Бұл процеске қоғамды жұмылдырған жөн. Осы бағытта әлемдік тәжірибе жеткілікті, соны зерттеуді және қолданысқа енгізуді жалғастыру керек", – деді Елбасы.

Кездесуде М.Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жемқорлық қатерлерін талдау және алдын алу, сыбайлас жемқорлық саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту шаралары туралы айтты. Сондай-ақ агенттік қызметінің тиімділігін одан әрі арттыру жоспарын баяндады. Агенттік төрағасының мәліметі бойынша, соңғы 5 жылда Қазақстанның Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіндегі позициясы жақсарып, 122-ші орыннан 94-ші орынға ауысты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу