Мемлекет басшысының 2018 жылғы БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттарын, сондай-ақ алғысын алуға үміткерлерден ұсынымдар қабылдау мерзімі 2018 жылғы 6 маусымға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Мәліметке сай, сыйлықтар мен гранттар алуға үміткерлерді бұқаралық ақпарат құралдары, шығармашылық одақтар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдар ұсына алады.
Сыйлықтар мен гранттар туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша қол жетімді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу