Елбасы тапсырмасымен Тараздағы төтенше жағдайды тергеуге қатысты комиссия құрылды

796

Комиссия мүшелері Тараз қаласына, оқиға орнына ұшып кетті.

Елбасы тапсырмасымен Тараздағы төтенше жағдайды тергеуге қатысты комиссия құрылды

ҚР президентінің тапсырмасымен Тараз қаласындағы төтенше жағдайды тергеуге қатысты үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды primeminister.kz.

"Тараз қаласындағы төтенше жағдай туралы ҚР премьер-министрі А.Ұ. Мамин шұғыл түрде Қазақстан президенті Н.Ә. Назарбаевқа баяндады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР премьер-министрінің орынбасары Ж. Қасымбектің төрағалығымен үкімет комиссиясы құрылды. Комиссия мүшелері Тараз қаласына оқиға орнына ұшып кетті", – делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарланғандай, бүгін сағат 06:21-де Тараз қаласында, 9-ықшам ауданындағы 62-ші үйдің 1-3 қабаты жарылыс салдарынан құлаған еді. Үйдің барлық тұрғындары көшіріліп, үйінділер астынан 8 адам шығарылған, (алдын-ала мәлімет бойынша, жарылыс 2-ші қабаттағы 46-шы пәтерде болған). ҚР ІІМ ТЖК күшімен қажетті мамандар мен техника саны жұмылдырылды, оның 2-уі қаза тапқан. Зардап шеккендердің халі – орташа ауыр.

Апат болған үйдің тұрғындары осы үйге жақын маңдағы №41 мектепке орналастырылған, ыстық тамақпен қамтылды, уақытша тұруға қажетті жағдайлар жасалды. Олармен медицина қызметкерлері мен психологтар жұмыс істеуде. 

ҚР ІІМ ТЖК алдын-ала мәліметі бойынша, жарылыс газ жабдығын абайсыз пайдаланудан орын алған.

Жедел штаб құрылды, +7- 7262 - 513575 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу