Елбасы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті

696

Тәжікстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты шын жүректен туған күнімен құттықтап, мықты денсаулық, бауырлас Қазақстан халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне жаңа табыстар тіледі.  

Елбасы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті

 Тәжікстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті ретінде әлемде зор абыройға және баршаның құрметіне ие болғанын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ Эмомали Рахмон Елбасының Қазақстан мен Тәжікстан арасында достық қатынастар мен тығыз ықпалдастық орнауына және дамуына зор үлес қосқанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан басшысына ізгі тілектері үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстан мен Тәжікстанның түрлі саладағы ынтымақтастығын одан әрі нығайта түсу маңызды екенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу