Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Астанада 10-11 қыркүйекте өтетін ИЫҰ ғылым және технологиялар жөніндегі саммитіне шақырту алды, деп хабарлады еліміздің СІМ.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыртуын Тәжікстандағы елші Нұрлан Сейтімов тапсырды, делінеді СІМ ақпаратында.
"Мемлекет басшысы өзінің шақыртуында тәжік басшысының жұмыс кестесі оның Саммит жұмысына келіп қатысуына мүмкіндік береді деген үміт білдірді", - деп атап көрсетілген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу