Елбасы телекөпір арқылы Құрық портының паромдық терминалын іске қостырды

876

Елбасы телекөпір арқылы Құрық портының паромдық терминалын іске қостырды

Бүгін Астанада елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан телекөпір барысында Құрық портының паромдық терминалы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту және Еуразия құрлығындағы логистикалық торапты құру жобасын іске асыру мақсатында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Құрық порты (Маңғыстау облысы) паромдық терминалының бірінші кезеңін іске қосты.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ вице-президенті Бауыржан Орынбасаров Құрық порты Транскаспийлік көлік дәлізінің негізгі бөлігі екеніне тоқтала келе, 2017 жылы 1,2 млн тонна жүкті өткізу қамтамасыз етілгенін жеткізді.

"Жаңа автомобильдік-паромдық кешен жыл сайын қосымша 2 млн тонна жүкті қамтиды. Бүгін біз Түркияға және Еуропа елдеріне жаңа бағдарларды іске қоспақпыз",- деді Бауыржан Орынбасаров.

Өз кезегінде елбасы бұл жобаларды іске асыру үлкен жұмысты қажет ететінін атап өтті. Осы орайда Құрық портының мүмкіндігі арқылы Қазақстанның экспорттық әлеуеті артатынын жеткізді.

"Сондықтан осындай ұлы жобаларға қатысып жатқандарыңыз үшін құттықтаймыз. Осыны іске қосқандарыңыз үшін елге үлкен жақсылық жасайсыңдар", - деді мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу