Елбасы терроризмнің өршуінің себебін атады

560

Елбасы терроризмнің өршуінің себебін атады

Дамыған елдер бір-біріне деген сенімнен ажырады, бұл экстремизм мен терроризмнің белең алуына себеп болды. Бұл туралы елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазан федералды университетінде сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Интарфакс-Қазақстан хабарлайды.

"Тұрақтылық жоқ, жан-жақта не болып жатқанын көріп отырмыз. Әлемнен маза кетті. Ірі елдер өзара сенімнен ажырады, сондықтан экстремизм мен терроризмнің шегі көрінер емес, өршіп кетті", - деді елбасы.

Елбасының айтуынша, терроризм мен экстремизм барлық елде орын алуы мүмкін.

"Сондықтан мен - Қазақстан президенті және біздің ел екі мемлекет арасында шиеленіс бола қалған жағдайда  оларды жақындастыруда және қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуде бітімші болуға әрдайым жұмыс жасап келеміз", - деді президент.  

"Бүгінде адамзаттың ара қатынасы мен ізгі ниеті, қарым-қатынастағы тұрақтылық пен мемлекеттің  эволюциялық дамуы өте маңызды", - деп қосты ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу