Елбасы ТМД-ның бірқатар елдері дінбасыларымен – ислам дін өкілдерімен кездесті

542

Қазақстанның Тұңғыш Президенті ТМД-ның бірқатар елдері дінбасыларымен – ислам дін өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Елбасы ТМД-ның бірқатар елдері дінбасыларымен – ислам дін өкілдерімен кездесті

Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Нұриддин Халикназаровпен, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Замир Ракиевпен, Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Дамир Мухетдиновпен өткен кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті оларға астанадағы жаңа мешіттің ашылуы рәсіміне қатысуға уақыт бөліп, арнайы келгендері үшін ризашылық білдіріп, алғысын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев діннің Қазақстан халқы өмірінде айрықша орын алатынын атап өтіп, елімізде конфессиялар арасындағы диалог мәселесіне ұдайы баса көңіл аударылып келе жатқанын жеткізді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті жаңа мешіттің исламдағы татулық пен толеранттылық идеясының мызғымас мәнін айшықтап тұрғанын, оның есігі барлық дін мен ұлттың өкілдері үшін әрдайым ашық болатынына тоқталып өтті.

Өз кезегінде қонақтар да Қазақстанның астанасына деген сүйсіністерін жасырмай, жаңа мешіт рухани орталық қана емес, қаланың аса көрнекті орнының тағы біріне айналатыны жөнінде пікір білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу