ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінде төрағалықты Қырғызстанға тапсырды, деп хабарлайды КирТАГ.
"Мен Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне төрағалықты Қырғызстанға тапсыратыныма қуаныштымын. Сәттілік пен жемісті еңбек тілеймін", - деді Назарбаев Шолпан-Ата қаласындағы саммиттің ашылуында.
Өз кезегінде Сооронбай Жээнбеков Қазақстанның Кеңеске төрағалық еткен уақытындағы табысты еңбегіне алғыс білдірді.
Бүгін Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының VI саммиті басталды. Саммитке Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Әзірбайжан басшылары қатысып жатыр. Жиынның құрметті қонағы ретінде Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеев пен Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан қатысуда.
Түркі кеңесі 2009 жылы 3 қазанда құрылған еді.