Бүгін Астана күнін тойлау ресми түрде басталады. Жылдағы дәстүр бойынша алдымен елордада мемлекеттік ту көкке көтеріледі. Мерекені атап өтуге əдеттегідей мемлекет басшысы пәрмен береді, деп хабарлайды 24.kz.
Астана күні жалпыхалықтық тіпті əр қазақстандық үшін отбасылық мерекеге айналғанына биыл 19 жылдың жүзі болды. "Атамекен" этно мемориалдық кешеніне ағылған халықтың қарасы көп. Бүгін осы жерде елбасы елдігіміздің нышаны саналған мемлекеттік туды көтеріп, Елорда күнін тойлауға пәрмен береді.
Астананың астана атанғанына биыл 19 жыл. Тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен осынау аз ғана жылдың ішінде елордамыз дәулеті тасып, сәулеті асқан жер жаһандағы сұлу шаһарлардың біріне айналды. Астананы əлем таныды десек артық емес. Оған елордада өтіп жатқан халықаралық іскерлік, мәдени шаралардың үлесі зор. Соның бірі ЭКСПО көрмесі Астана тарихында алтын əріппен жазылатын айтулы шара болары анық.