Мессенджерлерде тараған Президент сайлауы мен Қазақстанның Тұңғыш Президеті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы қызметінен кететіні туралы ақпарат - жалған, деп мәлімдеді Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.
"Елбасы мәлімдемесі" деп тарап жатқан видеоның фейк екенін хабарлаймын. Жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылады. Мұндай жалған ақпараттарға күдікпен қарап, ресми дереккөздерден тексеруге кеңес беремін", - деп жазды Айдос Үкібай Twitter-де.
Еске сала кетсек, сенбі күні қазақстандық интернет кеңістігінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы қызметінен кететіні және алда сайлау болатыны туралы жалған бейне-жазба тараған.
Құралай Құдайберген