Елбасы туралы заң күшін жойғаннан кейін Назарбаевтың сайты атауын өзгертті

916

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты Elbasy.kz домендік атауын Nazarbayev.kz деп өзгертті.

Елбасы туралы заң күшін жойғаннан кейін Назарбаевтың сайты атауын өзгертті Фото: tengrinews.kz

Сайт та өзгерген. Бұрын "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты" деп жазылса, енді одан "Елбасы" сөзі алып тасталған, деп хабарлайды  inbusiness.kz  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске салайық, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу