Елбасы түрік ғалымы Кюршад Зорлуды қабылдады

705

Кездесуде Елбасы Қазақстанның қалыптасу тарихын зерттеуге танытқан қызығушылығы үшін профессор Кюршад Зорлуға алғысын білдірді.  

Елбасы түрік ғалымы Кюршад Зорлуды қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті түрік саясаттанушысы, профессор Кюршад Зорлуды қабылдады, деп хабарлайды elbasy.kz.

"Сіздің кітап жазғаныңызды білемін. Бүгін "Егемен Қазақстан" газетінде кітабыңызға үлкен мақала арналды. Сіз Қазақстан дамуының негізгі аспектілері мен Түркі әлемі бірлігінің маңыздылығына тоқталдыңыз", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде, Кюршад Зорлу кездесу үшін алғысын білдіріп, тәуелсіз Қазақстанды қалыптастыру жолында Тұңғыш Президенттің зор үлес қосқанын атап өтті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу