Елбасы Түрікменстан президентімен кездесті

2179

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Авазда Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының саммиті басталар алдында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті.

Елбасы Түрікменстан президентімен кездесті Фото: akorda.kz

Тараптар саммит тақырыбы бойынша пікір алмасып, талқыланып отырған прблеманың өңір елдері үшін маңыздылығына тоқталып, экологиялық міндетті шешуде күштерді шоғырландыру керектігін атап кетті, деп хабарлайды Түрікменстанның мемлекеттік ақпарат агенттігі. 
"Бұған дейін қол жеткізілген уағдаластыққа, сондай-ақ энергетика мен көлік сияқты стратегиялық салалардағы ірі бірлескен жобаларға мән берілді. Екі ел президенті екі жақты және өңірлік ынтымақтастық аясында тараптардың тығыз коперацияға адалдығын сөз етті", - деп жазылған хабарламада. 

Түркімен көшбасшысы 12 тамыз күні Ақтауда өткен Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы бесжақты конвенецияны қабылдауға қатысты өткен жиында жылы қабылдау көрсеткені үшін Қазақстан президентіне алғысын білдірді. 

"Көршілес екі Каспий маңы мемлекеттерінің басшысы жақында Түркіменбасшы қаласында ашылған Каспийдегі теңіз тасымалының заманауи жүйесін және өңірдегі мультимодальдық инфрақұрылымды жеделдете дамытуға негіз болатын   халықаралық теңіз портының маңыздылығын атап кетті", - деп хабарлайды агенттік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу