Елбасы Түркістандағы қолөнершілер жәрмеңкесін тамашалады

1181

Республика деңгейінде алғаш рет ұйымдастырылған шараға елімізбен қатар алыс-жақын шетелден қолөнершілер қатысуда.    

Елбасы Түркістандағы қолөнершілер жәрмеңкесін тамашалады

Түркістанға жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Craftsman-2019" халықаралық қолөнершілер жәрмеңкесін тамашалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасы жәрмеңкеге қойылған бұйымдарды аралап көріп, қолөнершілердің еңбегіне дән риза болды.

Айта кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, халықаралық деңгейде ұйымдастырылған шараға Иран, Үндістан, Ресей Федерациясы, Ауғанстан, Өзбекстан, Түркия, Қырғыз Республикасы, Әзербайжан, Тәжікстан, Башқұртстан, Якутия елдерінен 200-ге жуық қолөнерші қатысуда. Ауқымды шараға сонымен бірге ҚР "Қолөнершілер бірлестігі", Нұр-Сұлтан қаласынан "Қадам" өнер орталығы, "Дешті Арт" бірлестігі, "Әзірбайжан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтарға қызмет көрсету және әлеуметтік инновация мемлекеттік агенттігі жанындағы ABAD" қоғамдық құқықтық заңды тұлғасы мен Қырғызстан Республикасының "Алаш" қолөнершілер бірлестігі де арнайы шақырылған.

Халықаралық жәрмеңкенің мақсаты - ұлттық қолөнерді дамыту арқылы Ұлы Жібек жолы бойындағы Түркістан қаласын әлемдік деңгейдегі ірі ұлттық қолөнер орталығына айналдыру мен этникалық туризмді өркендету.

Іс-шара аясында алаша тоқудан, керамика, тері, темір және шыныдан қолөнер бұйымдарын жасау бойынша шеберлік сабақтары мен қазақтың ұлттық киімдерінің көрсетілімі болды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу