Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркістандағы "Күлтөбе" қалашығының жобасы таныстырылды.
"Түркістанға сапар барысында Елбасы қаладағы мәдени-ағарту нысандарының, әртүрлі бақтар мен Арбаттың құрылыс жоспарымен танысты. Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаевқа "Күлтөбе" қалашығы археологиялық паркін құру жоспары таныстырылды", - деп жазды Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай..
Еске сала кетсек, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркістандағы құрылыс жұмыстарымен танысатынын хабарлаған болатынбыз.
"Түркістан – түркі әлемінің алтын бесігі. Былтыр бұл шаһарға жаңа мәртебе берілді. Түркістан қаласы мен осы өңірдің дамуы қашанда Елбасының жіті назарында. Нұрсұлтан Назарбаев бүгін және ертең еліміздің рухани астанасында қарқын алған құрылыс жұмыстарымен танысуды жоспарлап отыр", - деп жазды Айдос Үкібай Twitter парақшасында.