Елбасы Түркістандағы құрылыс жұмыстарымен танысады

1379

Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы  Айдос Үкібай Twitter парақшасында жазды.

Елбасы Түркістандағы құрылыс жұмыстарымен танысады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысына жұмыс сапары аясында бүгін және ертең қаладағы құрылыс жұмыстарымен танысады.

"Түркістан – түркі әлемінің алтын бесігі. Былтыр бұл шаһарға жаңа мәртебе берілді. Түркістан қаласы мен осы өңірдің дамуы қашанда Елбасының жіті назарында. Нұрсұлтан Назарбаев бүгін және ертең еліміздің рухани астанасында қарқын алған құрылыс жұмыстарымен танысуды жоспарлап отыр", – деп жазды Айдос Үкібай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу