Елбасы Түркия премьер-министрінің орынбасарымен кездесті

737

Елбасы Түркия премьер-министрінің орынбасарымен кездесті

Түрік Республикасы премьер-министрінің орынбасары Тұғрұл Түркешпен кездесуде Қазақстан президенті Түркияның бізге жақын әрі ағайын елдердің бірі екенін атап өтті, деп хабарлайды akorda.kz.   

– Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жыл ішінде біздің  өзара қарым-қатынасымыз барлық бағыт бойынша ілгерілеп, дамып келеді, – деді мемлекет басшысы.

Т.Түркеш өзін қабылдағаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, Түрік Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанның сәлемін жеткізді.

– Түрік Республикасы мен Қазақстан арасындағы қатынастардың тамыры тереңде. Қазақстанның халықаралық ұйымдар қызметіне, әсіресе, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде белсене қатысуы Түркия үшін маңызды, – деді Түркия премьер-министрінің орынбасары. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу