Елбасы Түркия президентімен телефон арқылы сөйлесті

709

Елбасы Түркия президентімен телефон арқылы сөйлесті

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, тараптар Түркияның бастамасымен биылғы 13 желтоқсанда Ыстанбұлда өткізу жоспарланып отырған Ислам ынтымақтастығы ұйымының кезектен тыс саммиті жөнінде пікір алмасты.

Бұдан бөлек, президенттер алдағы кездесулер кестесін, екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мәселелерін қарастырды.

Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу