Нұрсұлтан Назарбаев "Коч Холдинг" компаниясы басқармасының төрағасы Али Йылдырым Кочпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.
"Коч Холдинг" компаниясы басқармасының төрағасы қорғаныс өнеркәсібіндегі және экономиканың басқа да өндіріс салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға мүдделілік танытты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу