Экс-президент, кейбір жасырын дереккөздер мәлімдегендей, шетелде ешкіммен кездеспеген. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай twitter желісінде жазады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Нұрсұлтан Назарбаев туған-туысқандары мен жақындарының ортасында Түркияда демалысын өткізіп, елге оралды. Анонимді дереккөздер арқылы таратылған жалған ақпараттарда айтылғандай, Тұңғыш президент демалыс кезінде шетелдік шенеуніктермен және бизнес өкілдерімен кездескен жоқ", - деп мәлімдеді Айдос Үкібай.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу