2025 жылға қарай іс қағаздарын мерзімді баспасөзді оқулықтарды бәрін де латын әліпбиімен басып шығаруға тиіспіз. Елбасы мақаласында осы мәселе де қамтылған. Бұл ретте Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырды.
"Жыл соңына дейін ғалымдардың көмегімен қоғаммен ақылдаса отырып қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуге тиіспіз", – дейді Президент.
Ал жаңа әліпбиге бейімделу кезеңінде белгілі бір уақыт кириллица алфавиті де қолданыла тұрады. Сондай-ақ қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы қолға алынады.