Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толу құрметіне арналған мерекелік медаль және мерекелік белгіні бекітті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толу құрметіне ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл" мерекелік медалі және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті" мерекелік белгісі тағайындалсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл" мерекелік медалімен және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті" мерекелік белгісімен наградтау қағидалары;
2) "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл" мерекелік медалінің сипаттамасы және үлгісі;
3) "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті" мерекелік белгісінің сипаттамасы және үлгісі бекітілсін.
3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", деп жазылған хабарламада.