Елбасы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады

621

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа пандемия жағдайындағы әлемдік экономиканың дамуына байланысты және Қазақстанның сауда-экономикалық серіктестерінің нарықтарындағы жағдайға қатысты болжамдар таныстырылды.  

Елбасы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады

Елбасы Н.Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды  elbasy.kz сайты.

Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президентіне қаржы нарығындағы жағдай мен елдегі ақша-несие саясатын жүзеге асыру барысы туралы ақпарат берілді.

"Қаржы нарығындағы жағдай тұрақты. Биылғы сегіз айда инфляция жеті пайызға жетті. Бұл көрсеткіш біз болжап отырған деңгейде тұр. Базалық мөлшерлемені тоғыз пайыз деңгейінде сақтап қалдық", – деді Е.Досаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу