Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына алғыс айтты

1299

Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына алғыс айтты

Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті қабылдады. Кездесуде мемлекет басшысы елімізде өтетін халықаралық іс-шаралар барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығын айтып, "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесін өткізген кезде құқық қорғау құрылымдарының сапалы жұмыс атқарғаны үшін тағы да алғыс білдірді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мен арнаулы және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізген кезде үйлесімді жұмыс жүргізгені үшін алғыс айттым. Олар тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ете алды, сондықтан көрмеге келген барлық қонақтар тарапынан жақсы баға берілді", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Кәрім Мәсімов еліміздегі қазіргі ахуал мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

"Ел ішіндегі ахуал тұрақты. Астанада "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізу кезінде арнаулы және құқық қорғау қызметтері өз міндеттерін жоғары деңгейде атқара білді", – деді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

Соңында Қазақстан президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу