Елбасы Ұлы Отан соғысының құрбандарына тағзым етеді

833

Елбасы Ұлы Отан соғысының құрбандарына тағзым етеді

Бүгін елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы Панфиловшылар саябағына барып, Ұлы Отан соғысының құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қояды. Қарт майдангерлермен жүздесіп, олардың өмір жолын ұрпаққа үлгі етеді, деп хабарлайды 24.kz.

Панфиловшылар саябағында 1 сағаттан кейін Ұлы Отан соғысының құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі басталады. Шараға елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп жоспарланып отыр. Яғни алматылық ардагерлер, сұм соғыс куәгерлері Жеңістің 73 жылдығын мемлекет басшысымен атап өтеді.

Дәстүр бойынша мұнда әскери-далалық асхана ұйымдастырылып, соған сай тағам дайындалады. Әскери техника көрмесі де көпшілік назарына ұсынылады. Сондай-ақ арнайы суретке түсу аймағы мен алғыс тақтасы болады. Оған қоса көпшілік театрландырылған қойылымды тамашалайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу