Елбасы үміткерлерге дауыс беру үшін "Праймериз" жүйесіне тіркелді

1093

Бұл жөнінде Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімет таратты.  

Елбасы үміткерлерге дауыс беру үшін "Праймериз" жүйесіне тіркелді

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Праймериз" жүйесіне тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

 "Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев кандидаттардың сайлауалды бағдарламасымен танысып, дауыс беру процесіне қатысу үшін"Праймериз" ақпараттық жүйесінде авториязациядан өтті. Өздеріңізге белгілі, праймериздің онлайн дауыс беру рәсімі биылғы жылдың 1-3 қазан аралығында өтеді" деп жазды Айдос Үкібай Twitter парақшасында.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу