Елбасы үш кәсіпорынды іске қосты

876

Астанада жалпыұлттық телекөпір басталды. 

Елбасы үш кәсіпорынды іске қосты Фото: inform.kz

ЕХРО Конгресс-орталығында өтіп жатқан "Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған" атты жалпыұлттық телекөпір барысында елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық өнім шығаратын үш кәсіпорынды іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Құрметті елбасы! "Проммашкомплект" ЖШС жылына 200 мың теміржол дөңгелегін шығаратын зауыт құрылысын аяқтады. Бұл, жоғары технологиялы, 100 пайыз импорттың орнын басатын өндіріс. Жоба құны 54 млрд теңге, оның 36 млрд теңгесі – Қазақстан Даму банкінің кредиттік қаражаты. Өндірістік қуатқа шыққаннан кейін "Проммашкомплект" штаты мың адамнан асатын болады. Өнімнің үштен екісі сыртқы нарыққа шығарылады", – деді "Проммашкомплект" ЖШС басқарма төрағасы Дәулет Сыздықов.

Ал "Alageum Electric" АҚ  бақылау кеңесінің төрағасы Сайдулла Қожабаев Қазақстан тарихында бірінші болып кернеуі 220 кВ трансформаторлар өндірісін жолға қойылғанын атап өтті.

"Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, "Asia Trafo" бұл – инновациялық кәсіпорын. Біз өндірістік қуатымызды арттырып қана қоймай, Орталық Азияда теңдесі жоқ электр сынақ зертханасын құрдық. Жобаның алғашқы кезеңін аяқтадық. Нәтижесінде Қазақстан тарихында бірінші болып кернеуі 220 кВ трансформаторлар өндірісін жолға қойдық. Екінші кезеңде цифрлық трансформаторларды өндіруді жоспарлап отырмыз. Бүгінде жүздеген кәсіпорын серпінді түрде дамып, осы уақытқа дейін еліміз импорттап келген өнімдерді  өздері шығара бастағаны үшін Сізге алғысымызды білдіреміз!", – деді ол.

"Сhina Gezhouba Group Cement Co., Ltd" компаниясының бас директоры, "Компания Гежуба Шиелі Цемент" ЖШС басқарма төрағасы  Минг Ли Қазақстан президентінен үш кәсіпорынды іске қосуға рұқсат сұрады.

"Қадірлі президент! Біздің кәсіпорын Қазақстанда қалыптасқан қолайлы инвестициялық ахуалдың жемісі. Бүкіл әлем инвестициялар мен технологияларды тарту жолындағы Сіздің еңбегіңізді жақсы біледі. Біздің жоба Қазақстан-Қытай серіктестігінің нәтижесі. Қазақстанның үш бірдей жаңа өндірісінің ұжымдары Сізден кәсіпорындарды іске қосуды сұрайды", – деді Минг Ли.

ҚР президенті аталған үш кәсіпорынның да жұмысын бастауға рұқсат берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу