Нұрсұлтан Назарбаев Сочиде Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды 24.kz.
Қазақстан мен Ресей президенттері кешегі өткен саммиттерді қорытындылап, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін пысықтады. Биыл қос ел арасында дипломатиялық байланыстардың орнағанына – 25 жыл. Бұл кезеңде байланыс барлық бағытта бекемдеп, стратегиялық деңгейге шықты. Биыл екі ел арасында сауда-саттық қарқын алды. Былтыр 16 пайызға бәсеңдеген тауар айналым үстіміздегі жылдың алғашқы 7 айында 40%-ға өсім көрсетті.
Жалпы Астана мен Мәскеу жыл сайын аймақаралық ынтымақтастық форумдарын өткізеді. Адам капиталын дамытуға арналған 14-кездесу 9 қараша күні Челябинск қаласында көшбасшылардың қатысуымен өтпек. Нұрсұлтан Назарбаев әріптестіктің ЕАЭО аясында да шарқын алып келетінін атап өтті.