Елбасы Вячеслав Володинмен келіссөз өткізді

1028

Кездесу барысында Елбасы Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы қатынастарды нығайту жөніндегі жұмыстың нәтижелері мен перспективаларына тоқталды.

Елбасы Вячеслав Володинмен келіссөз өткізді

Нұрсұлтан Назарбаев РФ Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинмен келіссөз өткізді, деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметі.

"Мемлекеттік Дума мен Парламент Мәжілісі тұтастай біздің елдеріміз сияқты достық байланыста. Біздің қатынастарымыз саясатта да, экономикалық салада да, сондай-ақ, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықта да үлгілі болып табылады. Біз әрі қарай да осы бағыттар бойынша жұмысты жалғастыра беретінімізге сенімдімін", – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Өз кезегінде В.Володин Елбасының Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекетаралық қатынастарды орнатудағы және нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.

Сонымен қатар, РФ Мемлекеттік Думасының төрағасы алдағы парламенттік шараға дайындықтың жоғары деңгейін айта келе, парламентаралық байланыстарды нығайтудағы спикерлер кеңесінің өсіп келе жатқан рөліне назар аударды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу