Елбасы жаңа ипотеканың мән-жайын қарапайым тілмен түсіндіріп берді

956

Елбасы жаңа ипотеканың мән-жайын қарапайым тілмен түсіндіріп берді

Бүгін Астанада ел президенті, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілік етуімен Қазақстан халқы ассамблеясының XXVI сессиясы өтті. Сессияда президент "7-20-25" жаңа ипотекалық бағдарламасы елде жас отбасылар қатарының артуына ықпал ететіндігін айтты, деп хабарлайды abctv.kz.

Дәл осы тақырыпты қатысушыларға түсіндіру үшін сессияда ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев баяндама жасады. Оның мәліметінше, арзандатылған ипотека бойынша Астана мен Алматыда ең көп дегенде 25 миллион теңгеге дейін, ал өңірлерде 15 миллион теңгеге дейін несие беріледі. Осы тұста президент оған ескерту жасады. Мемлекет басшысы республикалық маңыздағы қос ірі қалада пәтер құнының қымбат тұруының себебі барлығын, ал өңірлерде салушылардан шаршы метр құнының қолжетімді болуын талап ету қажеттігін нықтады.

Расында, бұдан бұрын аталған бағдарлама бойынша тұрғын үйдің ауданы 75 шаршы метрмен (3 бөлмелі) шектелетіні айтылған. Егер құжаттың ақырғы нұсқасында сол жоғарғы шек сақталса, өңірлердегі баспананың шаршы метрінің құны 200 мың теңге тұрмақ.

Қазақстан президенті қаржылық реттеуші басшысының шенеуніктік қасаң тілге құрылған баяндамасына көңілтолмастық білдірді:

"Данияр Талғатұлы - нағыз қаржыгер. Дегенмен  қаржыгердің тілімен айтқанынан қарапайым адам түк те ұқпас", – деп бас шайқаған ол жиналғандарға жаңа ипотеканың мән-жайын қарапайым тілмен түсіндіре кетті.

"Жылдық сыйақысы 7 пайыз ғана. 25 жылға дейін несиелендіріледі. Адамдар үш бөлмелі пәтер құнының тек 20 пайызын ғана төлейді. Өзінің қолынан келмесе, ата-аналары көмектеседі. Әлгінде баяндама жасаушылардың бірі "егер өмір жалғыз рет қана берілсе, оны Шымкентте өткеру керек" деп айтып жатыр. Шымкентте 200-500 адамға арналған алып тойханалар салынады, бұл не ысырап. Оның орнына бұл қаржыны баспана алуына бергендері жөн. Ең үлкен сый да сол болады", – деді елбасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу