Мемлекет басшысы Есіл өзенінің сол жағалауындағы Астананың орталық саябағы аумағында салынған жаңа қонақ үйдің макетімен танысып, оның бір бөлмесін көрді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"The St. Regis Astana" қонақ үйінде жалпы 120 бөлме бар. Оның ішінде жеке террасса мен саябақ және өзенге қараған 23 люкс бөлмесі бар. Сондай-ақ, қонақ үйде қазақстандық және шетелдік суретшілердің заманауи өнер туындылары қойылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу