Елбасы жаңадан ашылған "Almaty balabaqshasy" балабақшасына барды

752

 Елбасы жаңадан ашылған "Almaty balabaqshasy" балабақшасына барды

Мемлекет басшысы жаңадан ашылған "Almaty balabaqshasy" балабақшасына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан президенті Астана қаласының сол жағалауында орналасқан 240 орындық жаңа балабақшаны аралап көрді. Бұл білім мекемесінде балалар шығармашылығын дамытып, олардың демалысын ұйымдастыру үшін музыка залы мен ойын алаңдары бар.

Айта кетсек, "Almaty balabaqshasy" балабақшасы 12 топтан тұрады. Әрбір топтың Алматы қаласымен байланысты тақырыптық атаулары бар. Балабақша интерьерінің дизайны Алматының белгілі көшелерімен және даңғылдарымен танысуға, сондай-ақ қала тарихы жөнінде мағлұмат алуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу