Мемлекет басшысы ауыр спорт түрлері академиясында болды. Сонымен қатар теннис орталығында барып, 6 теннис корты, соның ішінде 3 жабық корты бар кешен аумағын аралады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан президенті Қостанай қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан ауыр спорт түрлері академиясына барып, спорт залын аралап көрді. Жергілікті спортшылармен, сондай-ақ Қазақстанның ауыр атлетикадан жасөспірімдер құрамасының мүшелерімен әңгімелесті.
Сондай-ақ елбасы жас теннисшілермен кездесу өткізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу