Елбасы: Жастарды отбасылық өмірдегі жаңа әлеуметтік рөлге дайындау қажет

3110

Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылын салтанатты ашу барысында отбасылық өмірге дайындық мәселесін қозғады.

Елбасы: Жастарды отбасылық өмірдегі жаңа әлеуметтік рөлге дайындау қажет

Президент отбасылық өмірге деген дайындықты мектеп қабырғасынан бастау керек деп есептейді.

"Жастарды отбасылық өмірдегі жаңа әлеуметтік рөлге дайындау қажет. Мұны орта мектептің жоғарғы сыныптарында бастау керек. Ана институтының қолдауымен бірге әке институтын енгізу қажет. Бозбаланың жауапкершілігін қалыптастыру керек. Бұл оңай шаруа емес", – деді Нұрсұлтан Назарбаев сәрсенбі күні Жастар жылын салтанатты ашу барысында.

"Бізге үкіметпен бірлесіп отбасылық қарым-қатынастың барлық мәселесі бойынша психологиялық  қолдау және кеңес беруді қамтамасыз етуді қарастыру керек", – деп қорытындылады елбасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу