Елбасы: Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді

1085

Елбасы: Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді

Соңғы 3 жылда ғана жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталған, деді елбасы халыққа жолдауында.

Елбасы жыл сайынғы жолдауын халыққа жеткізді. Еңсеруге тиіс басты 10 бағытты көрсете келе, президент жемқорлықпен күрестің жалғаса беретінін, басты назарда қала беретінін айтты.
Мемлекет басшысының сөзінше, осы уақытқа дейін жемқорлардың 17 миллиард теңге көлемінде келтірген залалы өтелген.

"Мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды болып саналады. Атап айтқанда, азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуға тиіс", - деді елбасы.
Елбасы азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыруды да басты міндеттер қатарында көрсетті.
"Көшелерде және адам көп жиналатын қоғамдық орындарда бейнебақылау жүргізетін, азаматтарды анықтайтын және жол қозғалысын қадағалайтын интеллектуалды жүйелерді белсенді түрде енгізу керек", - деді елбасы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу